ВИДЖЕТТЕР: ӘДЕТТЕГІДЕН ЭКСКЛЮЗИВТІГЕ ДЕЙІН
КЕРЕМЕТ ГРАФИКА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КАСТОМИЗАЦИЯ
ВИДЖЕТТЕР: ӘДЕТТЕГІДЕН ЭКСКЛЮЗИВТІГЕ ДЕЙІН
Rapeed әдеттегі виджеттерден графиктер, индикаторлар, кестелер мен карталар жеткіліксіз болатын тұлғаларға анайы әзірленген бірегей виджеттерге дейін ауқымды жиынтықты ұсынады.
Аналитикалық Rapeed AI-платформасында әртүрлі графикалардың, карталардың, кестелердің, индикаторлардың және мәтінді блоктардың оншақты түрін құруға болады. Мұнымен шектелмейді. Арнайы Rapeed үшін аналитиканы, шолуды және есептілікті біріктіретін бірегей виджеттер әзірленген.
БАЙЛАНЫС САЛАСЫ
"Байланыс саласы" виджеті деректердің үлкен көлемі арасында ортақ деректерді табуға және таңдалған элементтердің негізінде барлық панельдің сыртқы көрінісін және жиынтығын ауыстыруға көмектесе отырып, деректердің әртүрлі жолдарының бағандарының тармақтары арасындағы байланысты көрсетеді. Виджет виджеттер панелінде (дашбордта) маңызды рөл атқарады, мұнда орасан зор фильтр ретінде қызмет етеді және барлық панельде көрсетілетін деректерді динамикалық тұрғыда ауыстыра алады.
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ
Визит карточкасы суреттермен жне басқа да графикалық толықтырумен таңдалған деректер алаңының пайдалы ақпаратын көрсетеді. Объектілердің визит карточкаларын кез келген виджеттен алуға болады, олар жүйенің деректері арасында байланыстырушы буын болып табылады.
ВИЗУАЛДЫ РЕСІМДЕУ
Rapeed виджеттер мен панельдердің кастомизациясының үлкен мүмкіндіктерін ұсынады. Таңдау үшін ресімдеудің көптеген жүйелі стильдері қолжетімді. Сонымен қатар орнатылғандарды негіз ретінде алып, өзіне лайық етіп өзгертіп, пайдаланушылық стильдерді құруға болады, сонымен қатар кейін пайдалану үшін сақтай отырып, меншікті стильдерді жаңадан құруға болады.
ВИДЖЕТТЕР ПАНЕЛІ
Жүйедегі кез келген виджеттер панельге (дашборд) біріктірілуі мүмкін. Панельде барлық салынған виджеттердің жеке фильтрлері есепке алынады, бірақ барлық панельге әсер ететін жаһандық фильтр де қолданылуы мүмкін.
ВИДЖЕТТЕР РЕПОЗИТОРИЙІ
Ығайлы жұмыс жасау және қажетті виджеттер мен панельдерді жылдам іздеу үшін Rapeed аналитикалық AI-платформасы қолайлы репозиториді иеленеді, ол арқылы пайдаланушы құрған барлық виджеттер мен панельдерді, сондай-ақ басқа пайдаланушылар бөліскен панельдер мен виджеттерді көруге болады. Барлық виджеттер мен панельдер түрлері бойынша автоматты түрде жіктелген. Жаңартулар күнтізбесі қолжетімді.
ҚАЙТА ТҮРЛЕНДІРУ
Rapeed трансформацияның ыңғайлы жүйесінің және түсінікті навигацияның арқасында бірнеше секундтың ішінде виджеттің бір түрін екіншісіне қайта түрлендіруді жүзеге асырады. Виджеттің жаңа түрін таңдап, қосымша жолдарды немесе көрсеткіштері қосу немесе алу арқылы қажет болған кезде бастапқы деректерге өзгерістер енгізу жеткілікті.
ДЕРЕКТЕРГЕ ЖАҢАША ҚАРАҢЫЗ