ДЕРЕКТЕРДІҢ КӨПТІГІ - ПРОБЛЕМАНЫҢ АЗДЫҒЫ
ШЕКТЕУСІЗ ДЕРЕКТЕР КӨЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН RAPEED БӨЛІНГЕН ҚОЙМА
ДЕРЕКТЕРДІҢ КӨПТІГІ - ПРОБЛЕМАНЫҢ АЗДЫҒЫ
Әртүрлі дереккөздерден алынатын деректердің үлкен мөлшері әдетте жүктелетін жолдарды тазалау және құрылымдау үшін көп уақыт жұмсауды талап ететін, сапасы төмен талдауға әкеп соғады. Шолуға, инсайттарды іздеуге және деректерді талдау жүйесінен жауаптарды тиімді алуға кірісудің орнына, бизнес аталған деректермен жүргізілетін жұмыстың нәтиже әкелуі үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болады.
Rapeed аналитикалық AI-платформасы бұл проблеманы, таңдаудың кез келген көлемін пайдалана отырып, жаңа виджетті құрмай-ақ таңдалған бір бағандар тізімін лезде екіншісіне ауыстыру арқылы, бірден барлық дереккөздерден алынатын ауқымды деректерді жылдам алуға мүмкіндік беретін бөлінген деректер қоймасы мен ВыборПро® (ElectorPro®) деректерді іріктеудің бірегей құралы арқылы шешуге көмектеседі.
БӨЛІНГЕН ҚОЙМА
Rapeed бөлінген қоймасы - жүйе архитектурасының негізі - пайдаланушыға деректерді жылдам пайдалануды және шексіз "ойнауды" қамтамасыз ете отырып, түрі, көлемі және форматы әртүрлі дереккөздердің шексіз мөлшерін қосуға мүмкіндік береді.
Жылдамдыққа барлық есептерді параллельді өңдеу арқылы, ал икемділікке - "қолжазбалық сауал - нәтиже - нақтыланған сауал" процесінің ұзақтығын айтарлықтай қысқарта отырып, дереккөздерге сауал жолдаудың кең мүмкіндіктері арқылы қол жеткізіледі.
ВЫБОРПРО® (ELECTORPRO®)
Деректерді іріктеу бойынша ВыборПро® (ElectorPro®) бірегей құралы SQL-сауалдарды жазудың концептуалды жаңа визуалды алмастырғышы болып табылады. Іріктеудің бірнеше түрі пайдаланушыға қажетті деректерді ғана барынша икемді және жылдам таңдауға мүмкіндік береді. SQL жүйесінде код жазу үшін көмек сұраудың қажет жоқ.
ВыборПро® құралының тағы бір бірегей ерекшелігі - олар бойынша таңдау жасалатын қажетті деректерді іріктеу үшін сыртқы жолдардың шектеусіз мөлшерін пайдалану.
Бір деректер жолы үшін бірегей іріктеудің шектеусіз мөлшерін құруға және бірнеше секундтың ішінде кез келген виджетте және виджеттер панельдерінде бірін екіншісіне ауыстыруға болады.
Нақтырақ айтатын болсақ, бір деректер жолы бойынша іріктеу жүргізіп, оны артық деректерден тазарта отырып, басқа жолдар арқылы көп деңгейлі іріктеуді қолдануға болады. Осылайша оларды сақтау, көшіру және Rapeed жүйесінде қолжетімді кез келген виджетте қолдану мүмкіндігімен іріктеулер құрылады.
ДЕРЕКТЕРГЕ ЖАҢАША ҚАРАҢЫЗ